Материалдық-техникалық база

Кафедра мұнай ғимаратының (МҒ) 7-ші және 8-ші қабатында келесі аудиторияларда орналасқан:
          - 701 МҒ аудиториясы – бағыттап бұрғылау және бұрғылау машиналары және механизмдерінің зертханалары орналасқан;
          - 701А МҒ – кафедраның оқытушыларына арналған бөлме;
          - 704 МҒ аудиториясы – компьютерлік класс;
          - 708 МҒ аудиториясы – кафедраның оқытушыларына арналған бөлме;
          - 710 МҒ аудиториясы – бұрғылау процесінің параметрлерін өлшеуге арналған бақылау – өлшеу құралдарының зертханасы;
          - 711 МҒ аудиториясы – кафедра меңгерушісі және оқу-көмекші персоналдарына арналған бөлме;
          - 712 МҒ аудиториясы – бұрғылау ерітінділерінің және тампонаждық материалдарының зертханалары орналасқан;
          - 714 МҒ аудиториясы – бұрғылау технологиясының және мұнай және газ ұңғыларын игерудің зертханалары орналасқан;
          - 805 МҒ аудиториясы – кафедраның оқытушыларына арналған бөлме;
          - 808 МҒ аудиториясы – қатты пайдалы қазбаларға және суға ұңғыларды бұрғылаудың зертханасы орналасқан.
     

Кафедра орналасқан жалпы аудан 302,5 м2 құрайды.

    

НКафедрада жұмыс істеп тұрған компьютерлік класс, тау жыныстарын бұзу аспаптарының табиғи үлгілері және бұрғылау тізбегінің басқа да бөлшектері, бұрғылау үрдісінің параметрлерін анықтауға арналған ГИВ-6 приборы, өнімді қабатты гидродірілдік игеруге арналған құрылғы, керннің шығуын арттыру үшін қабатты колонкалық бұрғылау снарядтары бар.
     

Кафедра бұрғылау ерітінділерінің параметрлерін өлшеуге арналған ЛГР-3 далалық зертханасының үш данасымен жабдықталған.
     

2014 жылы кафедра сұранысы бойынша ҚазҰТУ оқу үрдісінде қолданатын үш кіші көлемді бұрғылау қондырғыларын (ККБҚ) алды.

     

Кафедрада суға және газ тәрізді пайдалы қазбаларға ұңғыларды құру кезіндегі негізгі технологиялық операцияларды көрнекі түрде көрсету үшін бейнетаспалар кешені бар.
     

Дәрістік сабақтардың сапасын арттыру үшін 714 МҒ интерактивті тақтамен, ал 701 МҒ видеопроектормен жабдықталған.
     

Әлеуметтік сұрақтарға келетін болсақ, кафедра оқытушылары үш жылда бір рет «Көктем» шипажайында жеңілдік жолдамамен демалуларына мүмкіндік бар. Бұдан басқа, ҚазҰТЗУ (оның ішінде кафедраның) қызметкерлеріне үшін Иссык-куль және Қапшағай демалыс базалары бар. Кафедра қызметкерлері жыл сайын республиканың барлық айтулы күндерінде марапатталады.

Наверх