Кафедра туралы

Тарихы
 
 «Газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» кафедрасы 2000 жылы Геология және мұнайгаз ісі институтының «Мұнай және газ кеніштерінің жабдықтары мен машиналары» кафедрасы негізінде құрылды.
200340 мамандығы бойынша инженер-механик маманын даярлау 1987 жылдың қыркүйек айынан басталған. 2004 жылдан бастап 050729 – «Құрылыс» (бакалавриат, «Газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларын салу» мамандануы бойынша) мамандығына қабылдау басталды, ал 2010 жылдан 5В070800-«Мұнай – газ ісі» (бакалавриат, «Газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларын жобалау және пайдалану» мамандануы бойынша) мамандарды дайындау жүргізілуде.
ҚР мұнай өндірісі үшін күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде студенттерді мақсаттық даярлау жүргізіледі. Кафедраның түлектері мұнай мен газды тасымалдау және сақтау өндірісіндегі магистралды құбыр бөлімшелерінде, мұнай-газ қоймаларында бас инженер, инженер, сол сияқты мастер, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында маман және қызметкер ретінде жұмыс істейді.

 

Көмірсутектерді тасымалдау  бойынша Қазақстандағы негізгі кәсіпорындар

TiHNiG

 

Геология және мұнай – газ ісі институты құрамындағы  «Газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» кафедрасы 2016 жылы «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» болып өзгертілді.

 

TiHNiG

 

Әр жылдағы кафедра меңгерушілері:
Алимжанов Муратбек Турлыбекович, т.ғ.д., профессор, 2000-2003 жж.;
Алимжанов Айвар Муратбекович, ф.-м.ғ.д, профессор, 2003-2009 жж.;
Унаспеков Берикбай Акибаевич, т.ғ.д., профессор, 2009-2010 жж.;
Кумар Бакдаулет Какимулы, т.ғ.д., профессор, 2010-2014 жж.
Иргибаев Тулеухан Иргибаевич, т.ғ.к., 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін.

 

МмГТжС кафедрасының мақсаты мен тапсырмасы

Кафедра қызметінің негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасының  мұнай, газ, мұнайхимиясы және энергетикалық өндірістері үшін  газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану бойынша жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау болып табылады.

 

Кафедра тапсырмасы:

•    Кәсіпорындар мен ұйымдарға ғылыми – техникалық  және ғылыми – жобалау бойынша кеңес беру, сонымен қатар әртүрлі ғылыми – зерттеу жұмыстармен айналысу
•    «Мұнай – газ ісі», «Құрылыс» мамандықтары «Газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандануы бойынша магситрлік және диссертациялық жұмысты қорғау бойынша кеңеске қатысу

 

Кафедра стратегиясы және міндеттері

•    Кафедраның білім беру қызметі бойынша кәсiби бiлiм беру және басқа да қосымша бiлiм беретiн бағдарламаларды  қалыптастыру және кәсiби қайта даярлауды қалыптастыру
•    Кафедраның білім беру қызметі бойынша жоғарғы оқу орнынан (ЖОО) кейінгі мамандық бойынша кәсіби білім беруді  жүзеге асыру
•    Мамандық бойынша және жоғарғы кәсiби бiлiм беретін сала бойынша ғылыми тәжірибе өтуге ықпал ету
•    Ғылыми-зерттеу, салалық, корпоративтiк және халықаралық жобаларға қатысу
•    Ғылыми конференция мен семинарларды ұйымдастыру және өткізуге көмек көрсету

 

 

Наверх