Кафедра туралы

Тарихы

«Мұнай және газ кен орындарын игеру» кафедрасы 1965 жылы құрылған. Сол жылдары бітіріп шыққан бірінші түлектер: Әбілғазиев А., Бочаров В.А., Гелисханов М., Гороховский Б.И., Дюсембаев И., Искаков Т., Изтурганов Б., Каракунаков Ж.., Кириллов Ю., Кульчанов Ж.., Казиев Б., Нурпеисов Б., Омаров П., Сарсекенов К., Кульчанов Ш., Рахимов Ю.С., Сариев К., Тлеумаганбетов С., Четвергов Ю.,Чистилин В.Е., Шорманов С. Қазақстанның мұнай кен орындарын игеру және меңгеруіне үлкен үлес қосты.


Кафедра профессор Г.А.Халиковтың басшылығымен құрылған. 1956 жылы Уфа мұнай институтын бітірген техника ғылымдарының докторы, профессор Г.Халиков кафедраның бірінші меңгерушісі болып тағайындалды. Басқару кезінде кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен үлесін қосты.


1973 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне Б.С.Толыбеков тағайындалды. 1960 жылы И.М.Губкин атындағы институтын аяқтағаннан кейін ҚазҰҒЗ энергетика институтының газ-құбырлы қондырғысы зертханасының жұмысына жолдау алды. 1967 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады, В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ институтына жұмысқа шақырылды. 1982 жылдан бастап кафедра меңгерушісі, содан кейін декан орынбасары болып жұмыс жасады.


 1978 жылдан 1982 жылға дейін кафедра меңгеруші қызметін доцент Майлыбаев М.М. атқарды.


1990 жылдан 1997 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып доцент Абишев С.К. тағайындалды. С.К.Абишев басқарған кезде типтік және жұмыс бағдарламалары жаңарды.


Омаров Мансур Омарұлы 1997 жылдан бастап «Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану» кафедрасын меңгерді. Осы кезде инженер кадрларының ғылыми өсуіне үлкен үлесін қосты. Оның тікелей қатысуымен тау-кен инженер мұнайшылары дайындаған 7 кандидат, 1 докторлық диссертация қорғады. 


2006 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып профессор Т.К.Ахмеджанов тағайындалды. Профессор Т.К.Ахмеджанов ғылыми басқарушы аспиранттардың және ғылыми ізденушілердің жетекшісі болып қызмет атқарған. 2008 жылы «МГКОИжП» мамандығы бойынша ашылған Советтің мүшесі болып Т.К.Ахмеджанов сайланды. 


1990 жылдан бастап кафедра мамандарды мемлекеттік тілде дайындай бастады. Бүгінде кафедра бакалавр, магистр және PhD мамандар дайындау үстінде. 


Кафедра өзінің 50-жылдық тарихында ҚР экономикасының жетекші салаларын– мұнайгаз өнеркәсібіне 10000 маман даярлап шығарды.


Кафедра «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясымен, Шеврон, Аджип, Шлюмберже, Қарашығанақ, Петролеум Оперейтинг халықаралық компаниялармен, СНПС-Ақтөбемұнайгаз ғылыми зерттеу және басқа да жобалау ұжымдарымен ынтымақтастық жүргізіп келеді.

 

Мақсаттар мен міндеттер:
Сапа – Мұнай-газ инженериясының үздік біліміне жеткізетін сабақ беру мен үйренудің ортасын жетілдіру


Міндеттер: 
1.    Халықаралық стандарттар мен кәсіби ұйымдардың талаптарына сәйкес заманауи оқу бағдарламасын қарастырып жетілдіру
2.    Инженерлік ғылымдар мен технологияны аккредитациялау кеңесі (ABET) анықтаған студенттер бағдарламаны аяқтағанда қол жеткізілетін нәтижелерге сәйкес білім алу және үйренудің ортасын жетілдіру
3.    Дәрісханалардың инфрақұрылымын жақсарту
4.    Ғылыми-зерттеу жұмысына қатысатын оқытушылар мен студенттердің санын көбейту
5.    Университетте технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру
6.    Шетелдік институттармен халықаралық академиялық / ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамыту
7.    Қағаз түрінде орындалатын ағымдағы үнемсіз процесстерді азайту және шығындарды қысқарту үшін тиімді және экономикалық пайдалы үрдістерді дамыту

Ғылыми-зерттеу жұмыстары – кафедрада және басқа кафедралармен біріккен инновациялық зерттеу жұмыстарын ынталандыру


Міндеттер: 
1.    Ғылыми жұмыстарға қатысатын зерттеушілер мен студенттерге тартымды мүмкіндіктер жасау мақсатымен ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жандандыру
2.    Мұнай-газ саласының басым проблемаларын шешу үшін әртүрлі мамандықтар шеңберінде ғылыми-зерттеу орталықтарын құрып дамыту
3.    Индустрия және басқа ғылыми-зерттеу орталықтарымен серіктестікті дамыту


Активтер – сапаны ұстау және арттыру мақсатымен сырттан келетін ресурстарды дамыту


Міндеттер: 
1. Ғылыми-зерттеу гранттары мен салалық келісімшарттар санын көбейту
2. Жекеше қаражатты іздеп тарту: 
а. Кафедра түлектерінің ассоциациясы арқылы
ә. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар арқылы
3. Ұлттық және халықаралық мұнай және газ компаниялармен келісімшарттарды дамыту

 

Миссия
Студенттер мен оқытушыларымыздың кәсіби және академиялық өмірлік табыстарын жетілдіру. Бұл миссияға жоғары сапалы білім мен оқу ортасын қамтамасыз етумен, заманауи ғылыми-зерттеу ізденістерін орындаумен, және индустрияға, мемлекетке, және әлемге кәсіби ұйымдар мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысумен қол жеткізіледі.


Мұнай және газ Кенорындарын Игеру және Пайдалану кафедрасы біздің мұнай-газ инжинирингі бағдарламасының ілгерілігімен, ғылыми-зерттеу жұмыстарының инновациялығымен, және индустрия мен қоғамға қосатын үлесінің белсенділігімен танылады. 
 

Наверх