Материалдық-техникалық база

Халықаралық байланыстар

 

Кафедрада француз тілінде мамандықты меңгеруге жақсы мүмкіндік бар.«Мамандық тілі» курсы шегінде 50-ден астам студенттер француз тілінде оқып, көбісі дипломдық жұмысты француз тілінде қорғады. 2010 жылы COGEMA компаниясының жетекші мамандары Патрик Ледрю мырза мен В.Селезнева француз тілінде дипломдық жұмыс қорғаған Ракишева Айнұрдың жұмысын өте жоғары деп бағалады. А.Ракишеваға осы компаниядан жұмыс орны ұсынылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда Cogema, Totale, BRM (Burau de Ressourses mineralеs), Degremon, Mines et Metaux, Bouygues, Gaz de France сияқты геологиялық және су ресурстарының ірі компанияларыжұмыс жасауда.
     

Мамандар дайындаудың 4 бағыты ұсынылады:

  • арнайы оқытылған және дипломдық жұмысты француз тілінде қорғаған түлектерді француз компанияларына орналастыру;
  • Францияда оқуға бағыт беру;
  • француз тілінде магистратура мен аспирантурада диссертацияны дайындауға, кейін PhD дәрежесін ие болу мақсатымен оқыту;
  • Африка елдерінде Ресейдің “Техноэкспорт” АҚ көмегімен жұмысқа орналастыру.

   

Қазіргі уақытта кафедра Франция университеттерінің магистратурасында оқу жоспарланған Тассис желісі бойынша білім беру жобасына қатысуда. француз оқу орындарымен және компанияларымен Қызметтестік келесідегідей түрде жүреді. Біздің студенттер оқып жүрген университеттермен ( гг. Монпельежәне Нанси университеттері) байланыс бар. осы ұйымдар мамандары МАК қатысып, студенттер осы ұйымдардан практика өтіп, жұмысқа орналасады.

     

Халықаралық байланыс мәселесінің міндеттері
университет бөлімшелерінің халықаралық жобаларда және бағдарламаларда, әсіресе білім беру қызметтерін экспорттауды ұйымдастыру жағынан қызметін жүйелеу керек;
университеттің жас ғалымдарының әлемдік ғылыми орталықтар мен лабораторияларда сынақ мерзімін өткізу және зерттеу жұмыстарын өткізу үшін қосымша гранттар мен стипендиялар алу үшін халықаралық бағдарламалар мен конкурстарға қатысуына көмек көрсету;
TEMPUS, TACIS, Эрасмус Мундус сияқты халықаралық жобалар мен бағдарламаларда университет өкілдерінің санын көбейту;
ірі әлемдік ғылыми және технологиялық орталықтармен және лабораториялармен, жетекші ұлттық және шет ел компанияларымен байланыстарды тереңдету.

Наверх