Материалдық-техникалық база

Геологиялық карта түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау  кафедрасы оқу сабақтарын және ғылыми жұмыстарды жүргізуге қажет материалды-техникалық базамен қамтамасыздандырылған. Кафедрада қажетті мөлшерде тиісті лабораториялық және өндірістік бөлмелер бар.

Геологиялық карталарды сызу және пайдалы қазбалардың қорын есептеу үшін CorelDRAW, Auto Cad, Маpinfo, Micromine программалары орнатылған екі компьютерлік класс бар. Жобаның программалық қамтамасыздандырылуы жаңа компьютерлік технологияларды жетілдіруде зор үлес қосқан басқа ұйымдардағы қызметкерлерді ғылыми зерттеулік жұмыстарға қосу арқылы жүзеге асырылады. Кенді микроскопия лабораториясы жаңа «ПОЛАМ» микроскоптарымен жабдықтандырылған. Геологиялық карталардың зертханалары «Аймақтық геология», «Геотектоника және геодинамика», «Құрылымдық геология», «Қазақстан геологиясы және минералдық ресурстары» пәндері бойынша сабақтарды жүргізу үшін әртүрлі масштабты қажетті геологиялық, металлогениялық, тектоникалық карталармен және пайдалы қазбалар карталарымен қамтамасыздандырылған.

Кафедра оқытушылары оқитын оқу үрдісінің пәндері көп мөлшердегі геологиялық сызбаларды, көрнекі көрсету материалдары арқылы жүргізіледі. Оның ішінде:

- әртүрлі құрылысты және әртүрлі масштабты геологиялық карталар (60 дана);

- қазіргі заманға сай геологиялық карталарды рәсімдеуге арналған нұсқау материалдары;

- соңғы жылғы басылымдардағы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кенорындары бойынша анықтамалықтар (35 дана);

- Қазақстанның және ТМД елдерінің жеке кенорындары бойынша кендердің, минералдардың, таужыныстардың (кендердің типтері, құрылымдары және бітімдері) коллекциялары (~ 7 мың дана);

- геологияның барлық бағыты бойынша геологиялық әдебиеттер (10 мың данадан астам);

- Қазақстанның жеке аймақтарының аэрофото және космостық суреттері (~ 1000 дана);

- Қазақстанның минералдық ресурстар атластары (2 дана);

- оқу геологиялық карталардың жиынтығы (25 дана).

 

Кафедраның аудиториялық қоры


пп
Номер кабинета Площадь 
в м2
Наименование кабинета
 1  318  ГУК 93,9 Кабинет региональной геологии и геотектоники
 2  322 ГУК 57,7 Кабинет металлогении Казахстана имени академика Ш.Е.Есенова
 3  324 ГУК 37,4 Кабинет геологических карт имени профессора Г.Ц. Медоева
 4  337 ГУК 18,7 Кабинет дипломного и курсового проектирования. Учебно-методический кабинет
 5  420 ГУК 38,2 Кабинет структурной геологии и геокартирования
 6  427 ГУК 72,6 Лаборатория металлических и неметаллических полезных ископаемых
 7  441 ГУК 55 Кабинет преподавателей
 8  505 ГУК 83 Лаборатория методов исследования руд. Компьютерный класс

 

Наверх