Кафедра туралы

Тарихы

Кезінде Қазақ политехникалық институтында «Жалпы геология», «Тарихи геология және КСРО геологиясы», «Пайдалы қазбалар және барлау ісі», «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлаудың әдістері», «Пайдалы қазба кенорындарын геологиялық картаға түсіру және іздеу», «Тарихи және аймақтық геология» сынды кафедралар жұмыс істеді.  Аталған кафедралар меңгерушілерінің қызметін Войновский-Кригер, Ш. Есенов,  Г.Л. Кушев, Е.Д. Шлыгин, Д. С. Қонаев, С.Г. Анкинович, Е.А. Анкинович,  Г.Ц. Медоев, М.М. Бәкенов сынды бірегей ғалымдар атқарды. Кафедра өзінің құрылған күнінен бастап ғылыми-педагогикалық кадрлармен қатар тәжірибелі өндіріс мамандарының шығармашылық қырларын ұштастыруды әдетке айналдырды. Сонымен қатар, кафедраның дамуына кезінде М.А. Жуков, Г.А. Ярмак, О.А. Сейдалин, Р.С. Качурин, Б.М. Әбішев, М.Р. Гуламов, И.Б. Байчигасов, Г.А. Баймаханова сынды үлкен өндірістік  тәжірибеге ие оқытушылар өз еңбектерін сіңірді. 

 

Қазіргі таңда «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» (ГТ,ПҚКІжБ) кафедрасы Қ.И. Сатбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының құрамына кіре отырып, бірнеше геологиялық кафедралар ісін жалғастырып келеді. Бұл күні кафедрада геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚазҰЖҒА-ның академигі, профессор Байбатша Ә.Б., ҚР ҰҒА-ның коререспондент мүшесі, ҚазҰЖҒА және ҚР МРА-ның академигі, профессор Сеитов Н., геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары, ассоциацияландырылған профессорлар – Бекботаев А.Т., Жүнісов А.А., Асанов М.А., Дүйсенбаева К.Ш., Аршамов Я.К., ассистент-профессор Қасенова А.Т. және т.б. оқытушылар жұмыс жасайды.

 

Кафедраның мақсаты мен міндеттері – оқу пәндерінің жүргізілу барысын өндіріс, ғылым және техниканың қазіргі таңдағы талабына сай озық технологияларды қолданылумен қамтамасыз етуарқылы «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафердасы 5В070600 –  «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығының бакалаврларын, 6М070600 –  «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығының магистрлерін (ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттарда), және 6D070600 «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығының докторларын дайындап шығаруда. 

 

«Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасының негізгі міндеті  «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығының білікті мамандарын дайындау болып табылады. Сонымен қатар, кафедра оларды үздіксіз ізденуге тәрбиелеп қоймай,  этиқалық қағидаларды сақтай отырып, өзін кез-келген ортада ұстап, көпшілікпен жұмыс жасай алатын, жеке сыни көзқарасы бар тұлғаның қалыптасуына ықпал жасайды. 


Кафедраның стратегиялық мақсаты: 
•    Білім беру процесі мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
•    Тиесілі ресурстарды қолдану тиімділігін арттыру
•    Қызметкерлердің ғылыми-педагогикалық біліктілігін үнемі арттыру;
•    Білім беру процесінің  және ғылыми зерттеулердің материалдық базасын жетілдіріп отыру. 


Кафедра өндірістік геологиялық мекемелер және компаниялармен белсенді түрде бірлесе жұмыс жасайды. Оқу программаларын үнемі жетілдіру және студенттердің өндірістік және дипломалды тәжірибелерін өтуі барысында қажетті білім мен тәжірибе жинауы үшін ААҚ "Қазақмыс", АҚ"Қазатомпром", "Южказнедра", "Севказнедра", ЖШС "Милысай", АҚ "Волковгеология" ГРЭ-23, ЖШС "Қазфосфат", ЖШС"Центргеолсъемка", Қ.И.Сәтбаев атындағы ГҒИ сынды ұжымдар және компаниялармен біріге жұмыс жасауға келісім шарттары бекітілген. 


«Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафердасы шет елдердің маңдайалды білім ошақтарымен бірлесе жұмыс жасап келеді. Атап айтсақ, кафедра магистранттары мен докторанттары: Adam Mickiewicz University (Poland), University of Warsaw (Poland), Томск политехникалық университеті (Ресей). Bergakademie Freiberg (Germany), Vrije Universiteit Brussel (Belgium), С.Орджоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университеті (Ресей), М.В.Ломоносов атындағы  Мәскеу мемлекеттік  университеті (Ресей) сияқты жоғарғы білім ошақтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге толық мүмкіндіктері бар. 
    

Кафедра қарамағына төрт геологиялық зертханалар, қажетті құралдар мен көрнекті оқу әдістемелерімен қамтылған кабинеттер, сонымен бірге Micromine бағдарламасының компьютерлік сыныбы және дала геологиялық түсірілім жұмыстары өткізілетін  Кіші Қаратаудағы оқу полигоны бар. Аталған полигонда 2008-2009 оқу жылы барысында университетіміздің шетел жоғарғы оқу орындарымен әріптестігі негізінде тұңғыш Халықаралық бағдарлама жүзеге асырылды. Осы жылдар аралығында кафедраның жетекші оқытушыларының басшылығымен Колорадо тау-кен мектебінің студенттері мен магистранттары мамандандырылған геологиялық тәжірибесін сәтті өткізді.
 

Наверх