Ғылыми-зерттеу жұмысы

2009-2010 ж.ж. геофизика кафедрасының ПОҚ ғылыми-зерттеулер  жұмыстарына қатысты.
     

2009-2011 ж.ж. Тақырыбы: «Түсті, асыл, қара, сирек металдар кен орындарының өндірістік генетикалық типтерінің негізгі модель эталонын жасау және Қазақстанның минералды-шикізат базасын дамытудағы технологиялары ». Бөлімдері: 
1.1.2 «Қара, түсті  және асыл метал кен орындарының ғылыми - негізделген өндірістік бағалау критерийлерінің құрылу моделін жасау».
1.1.3 « Ғылыми – негіздемелі және Қазақстанның сирек, сирек жерлі элементтерінің минералды – шикізат базасын дамыту». Мұнда профессор М. Өмірсеріков және доценттер Е.Ахметов пен Л.Исаева қатысады.

 

№757.МОН.ГФ.15.РИПР.32 «Қазақстанның көмірсутек кенорындарының мәліметтер базасын қалыптастыру және сандық моделін құру мақсатында геофизикалық мәліметтерді жинау мен сараптау» тақырыбы бойынша келесі нәтижелер алынды:

 

Жұмыс нәтижелері және оның жаңалылығы:
Каспий маңы мұнай-газ бассейнінің оңтүстік борты бойынша геологиялық-геофизикалық қордағы мәліметтер жиналды және жинақталды.

Каспий маңы мұнай-газ бассейнінің оңтүстік борты бойынша 3 террабайт көлемде далалық геологиялық-геофизикалық мәліметтеріне сандық база дайындалды.

Қазақстанның мұнай-газ кенорындарына заманауи компьютерлік технологияны қолдана отырып геологиялық-геофизикалық мәліметтер негізінде мәліметтер базасы қалыптасты.
геологиялық-геофизикалық жинақталған алғашқы сандық мәліметтердің классификациясы мен жүйелілігі, сақтау жүйесінің моделі құрылды.

Oasis montaj (Geosoft) бағдарламасы көмегімен геофизикалық мәліметтер кешені негізінде бірнеше аудандар бойынша көмірсутек жатындарының моделі тұрғызылды.

2015жылғы зерттеудің бірінші этапының нәтижелері мұнай-газ саласында жұмыс істейтін өндірістік және сервистік компанияларға, ғылыми-зерттеу институттарына талқылауға ұсынылды. Ары қарайғы зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар мен пікірлер алынды.
 

Оқу процессін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамассыз ету
Кафедра геофизикалық мәліметтерді интерпретациялау мен өңдеудің компьютерлік технологиясын оқу процесіне енгізуге өте үлкен көңіл бөледі. Осы жерде     Paradigm, Data mine и Phoenix Geophysics Ltd, GEOSOFT геофизикалық компаниялары екіжақты келісім-шарт негізінде үлкен көмегін тигізіп отыр. Аталған компаниялар геофизикалық мәліметтерді өңдеуде, интерпретациялауда және моделдеуде әлемдік көшбасшы болып табылады.

«Paradigm» компаниясы 
          1) сейсмикалық мәліметтерді өңдеу;  2) петрофизикалық мәліметтерді талдау; 3) сейсмикалық интерпретация жүргізу үшін оқу процесінде қолдануға Geolog, Focus бағдарламалық кешендерін ақсыз түрде қолдануға берді.

 

Data mine компаниясы тау-кен-геологиялық 3D моделдеу және 5D жоспарлау,. Phoenix Geophhisics Ltd. – пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың электромагниттік әдістері бойынша бағдарламалық кешен қолданысқа берді GEOSOFT гравимагниттік моделдеу және геологиялық талдау бойынша бағдарламалық кешен орнатты. Аталған программалық кешендер бойынша тренинг-курстар өткізілді.

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы ғылыми конференцияларға қатысу арқылы өтеді.  Жылына орта есеппен 4-6 студент-геофизик студенттердің ғылыми конференциясына қатысады.

Наверх