Кафедра туралы

Тарихы
«Пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау» кафедрасының қызметіне бес негізгі кезең жатады: бірінші – кіріспе; екінші – қалыптасуы; үшінші – қарқынды дамуы; төртінші –дағдарыс кезеңі; бесінші – қазіргі заман. 


1934 жылы Қазақ тау-кен институтын ұйымдастырудан басталды. Ол алғашында бір ғана геологиялық факультетінен тұрды, сондай-ақ «Руда және руда емес кенорындарын барлау» мен «Инженерлік гидрогеология» мамандықтарын біріктірген болатын.  


Геологиялық барлау жұмыстарындағы маңызды жетістіктерге байланысты геофизикалық барлауға қатысты білікті мамандарды даярлауды қажет етті. Сол жылдары Мәскеулік және Ленинградтық жоғары оқу орындарын (ЖОО) бітірген кадрлар, Қазақстанда қарқынды өсіп келе жатқан геофизика саласын қанағаттандырмады. Бұл жағдай 40 - шы жылдардың соңына қарай өзіміздің білікті инженер – геофизик мамандарын дайындауды талап етті.


1951 жылы «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау» кафедрасының ұйымдастыруына Днепропетровск тау-кен институтынан, барлау геофизикасының маманы, жоғарғы оқу орнында педогогикалық үлкен тәжірибеге ие, доцент Непомнящих А.А. шақырылды. Онымен көптеген барлау геофизикасының мамандары, сонымен қатар Қазақстандық жастар ішінен ғылымдар кандидаты дайындалды, олардың кейбіреулері кейінірек ғылым докторы болды.


Сол  жылдары физико-математикалық пәнге көп көңіл бөлінді, оған жоғары математика (доцент Горшин С.И.) мен физика (профессор Гульницкий Л.В.) кафедраларының көмегі үлкен әсер етті. 
Алғашқы қалыптасу жылдарында «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» кафедрасына СССР-дің әртүрлі аймақатрынан зертханаларды басқару үшін атақты мамандар шақырылды: доцент Нетунахин В.И. - электробарлау, доцент Масарский С.И. – сейсмобарлау, доцент Бородулин Б.Г. – магнитобарлау, басты оқытушы (профессор)  Антонов Г.В. - гравибарлау.1961жылдан бастап арнайы ақпараттандыру курсы қосылды (профессор Коваль Л.А.).


1960 жылы «Сейсмобарлау» курсын қосу үшін Цветков Д.В. шақырылды–тәжірибелі маман, ең алғашқы далалық сейсмикалық станция әзірлеуші және бұрынғы СССР территориясындағы сейсмобарлау жұмыстарының ұйымдастырушысы.


Қазақ геофизикалық трест, Гурьевтің геофизикалық кеңсесі және де басқа өнеркәсіптік ұйымдар кафедраға арнайы құрал – жабдықтармен (мысалға, сейсмикалық станциялармен) зертханаларды жабдықтандыруда баға жетпес көмек көрсетті.


Кафедраның құрылуымен материалды –техникалық базасы, дәрістемелік курстар, зертханалық пен практикалық жұмыстарды әдістемелік ңұсқаулармен қамтамасыз ету, курстық және дипломдық жобалау әзірленген болатын.


Алғаш инженер – геофизик мамандығын бітірушілер саны 1954 жылы 41 ге жетті. Олардың барлығы дерлік жақсы маман ретінде өндірістерге жіберілген болатын.
50-ші жылдардың соңына қарай Геофизика кафедрасы бұрынғы Совет үкіметінің геофизикалық кадрлар даярлаудағы алдыңғы көшбасшылардың бірі болып толығымен қалыптасты. Геофизик студенттеріне бүкіл оқу процессінде қойылған қатаң талаптар мен сұраныстардың арқасында, олар Қазақстанның геофизика саласында сауатты өндіруші және ұйымдастырушы болуып қалыптасуларына ықпалдылығы артуда.
III кезең.1960 жылы КазТКИ Қазақ политехникалық институтына (КазПТИ) қайта өзгертілген болатын. Осы уақыттан бастап Геофизика кафедрасының сапалық және сандық өсу кезеңі басталды. Кафедрада инженер – геофизик мамандығы бойынша біліктілігі жоғары мамандар даярланды.


1966 жылы Геофизика кафедрасында 16 ғылыми қызметкерлер; оның ішінде 1 профессор, ғылым докторы, 8 доценттер мен ғылым кандидаттары, 4 аға оқытушылар және 3 ассистенттер болды; 7 зертханалық және 1 сынып жұмыс жасады.


1966 жылы Қазақстанда геофизикалық кадрларды даярлаудың қарқынды дамуына байланысты геофизикалық факультет ұйымдастырылды. Оның алғашқы деканы болып ғалым - физик М.Г.Каримов тағайындалды. Алғашқы декан КазПТИ құрамындағы жаңа факультеттің қалыптасуына және де табысты дамуына үлкен үлесін қосқан еді. 


1976 жылы геофизикалық факультет пен Геофизика кафедрасы қайтадан геологиялық барлау факультетінің құрамына кірді.


Бұл жылдары кафедраның жыл сайын бітіруші түлектер саны 60-70 адамға жетті. Олар өндірістік геофизикалық кәсіпорындарда өз орындарын тапты; олардың көбісі өндірістің жауапкершілігі жоғары жұмысшылары, басқарушылары болды, ғылыми – зерттеу және жобалық ұйымдарға басшылық етті, сонымен қатар Қазақстандағы көмірсутек пен қатты пайдалы қазбалар ірі кенорындарының ашуылуына қатысқан болатын.


СССР-дің құлауына және де оның артынан ерген экономикалық дағдарысқа байланысты, үкіметтен ғылым мен жоғары оқу орындарына бөлінетін қаражат шектелді. Сондықтан да түлектерді нақты жоспар бойынша жұмыс орнына орналастыру, қызмет көрсету, оқытушылар және тағы басқаларды айлықпен, құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндігі төмендеді.


Қоғамдағы белгілі бір қиыншылықтарға қарамастан Университеттегі оқу процессі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіле бастады. Кафедра құрамындағы кадрлер күшеюін жалғастырды, оған қоса өндірістен атақты ғалымдары мен ұйымдастырушылары шақырылған болатын.


Олардың ішінде, геология-минералогиялық ғылымдардың докторы, профессор Токиш (Толепберген) Акишев –Қазақстанның геофизикалық жұмыстарын дарынды ұйымдастырушы, СССР-дың Ұлттық сыйақы лауреаты (1985), 1992 жылдан бастап өмірінің соңына дейін кафедра меңгерушісі болған. Т.Акишев аты ҚазССР-дің Құрмет Алтын кітабына енгізілді (1982). Әр жылдарда ол Іленің геофизикалық экспедициясын, ПГО «Казгеофизика», ГТУ «Главприкаспийгеология» басқарған болатын.

 

Қазіргі таңда Геофизика кафедрасы студенттерді оқытуда белгілі бір тәжірибесі жинадыбар және де геофизиктерді даярлаудағы талаптар мен сұраныстарды нақтылаған. Алпыс жылдық тарихы бар кафедрада инженер-геофизик маманы болып дайындалған және бітіргендер саны 1800-ден асты. Қазақстанда геофизикалық білім жүйесінде көшбасшы бола тұра, кафедра  ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдармен қарым – қатынасты дамыту мен кеңейту мақсатында күнделікті жұмыстар атқарылуда.


2001 жылы Университет 180540 – «Сейсмология» мамандығы бойынша инженерлік кадрлар дайындауға лецензия алған еді. Жаңа мамандықтың ашылуына, Қазақстан территориясындағы инфрақұрылымы дамыған аудандарға жерсілкініс қәупінің жоғарылығы себеп болды. Геофизика кафедрасы екі рет инженер-сейсмолог маман түлектерін  шығарған болатын. Қазір олар Қазақстанның сейсмикалық институттарында қызмет етуде.


Соңғы жылдары инженерлік деңгейдегі мамандарды дайындаудың қалыптасқан жалпы формасы 5 жылдық оқу мерзімінен бакалаврларды дайындаудың 4 жылдық оқу мерзіміне ауысты. Оқу процессінде оқыту және тақырыптық жоспарлары өзгертілді, арнайы курстардың ұзақтылығы қысқартылды (бір семестрден (жарты оқу жылы) дейін). Соңғы жылдарда Геофизик мамандарының  жылына орташа есеппен бітірушілер саны 25-30 түлектен тұрады.


Мақсаттары мен міндеттері.
«Геофизика» кафедрасы мына мамандықтар бойынша білім беру қызметімен айналысады:бакалавриат 5В070600 – «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау» және магистратура 6М074700 – «Пайдалы қахба кенорындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері».


Екі мамандық та Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстандық агенттігі және Техника, информатика, жаратылыстану және математика салаларының төңірегінде мамандандырылған Неміс агенттігі - мен аккредитацияланған. 


Геофизика кафедрасының негізгі мақсаты - студенттер, магистранттар мен докторанттарды кәсіби қызметке дайындау. Яғни, практикалық тапсырмаларды шешу үшін; оларға  пайдалы қазбаларды іздеу мен барлау, жер қыртысының фундаменттік зерттеулері, сонымен қатар геофизикалық әдістердің негізгі теориясын терең үйрену, далалық геофизикалық мәліметтерді өңдеу принциптерін үйрену және де оларды геологиялық интерпретациялау, геология – геофизикалық тапсырмаларды шешуде қолданылатын геофизикалық әдістерді біріктіру болып табылады. 


Мақсатқа қол жеткізу барысында келесідей міндеттерді шешумен айналысады:
-    Студенттер, магистранттар мен докторанттардың геология – геофизикалық мәліметтерді интерпретациялау және өңдеудің  модульдік бағдарламасы бойынша мультиаспектік дайындығы;
-Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау барысында, ғылыми, білім беру және жаңарту  қызметін отандық (Данк, НПЦ «Геокен» мен т.б.) және шетелдік (Datamine, Phoenix Geophysics -Канада, Geosoft, PGS – Ұлыбритания, CGG Veritas -Франция, Paradigm –Нидерланды, ООО Жаңартылған ресурс - Ресей Федерация)  компаниялармен бірігіп іске асыру.
-     Ғылыми – техникалық ынтымақтастықты кеңейту; алдыңғы қатарлы дүниежүзілік және отандық ғылыми – зерттеулер мен білім беру орталықтармен, Ұлттық институттармен (Университеттер Montana Tech – CША, Мишкольца - Венгрия, К.И.Сатпаева атындағы Геологиялық ғылым Институты , Сейсмология Институты, Космостық зерттеулер Институты МОИН РК, Геофизикалық зерттеулер Институты, Ионосфера Институты және т.б.) қарым-қатынаста болу.
-    Студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми және практикалық тапсырмаларды шешу, ғылыми-зерттеу жобаларын орындауда тәжірибе жинау, заманауи бағдарламалық құрал-жабдықпен жұмыс жасап үйрену.


Мақсаттары мен стратегиясы
Геофизика кафедрасының алдына қойған мақсаттары – білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа бағыттарды біріктіру және оны көп профильді мұнайгаз бен рудалық геофизиканың мәселелерін шешуге негізделген.


Геофизика кафедрасының стратегиялық мақсаттарына:
а) студенттердің, магистранттардың және докторанттардың теориялық білім алуы мен оны өндірістік практикада қолдануға дағдылау; 
б) қазіргі таңдағы жұмыс нарығына бәсекеге түсе алатын мамандарды дайындау; 
в) ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңартылған шешімдерді нақтылау және іске асыру; 
г) болашағы зор ғылыми, ғылыми-техникалық, өндірістік, жаңартылған жобалар мен жоспарларды әзірлеу.


Бұл стратегиялық мақсаттардың орындалуы үшін жоспарланады:
•    Қазіргі таңдағы білім беру, ғылыми инновациялық бағыттардағы маңызы зор мәселелерін шешу үшін алдыңғы қатарлы отандық және шетел университеттері мен институттарын біріктіру;
•    Пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудағы білім беру, фундаменталдық және қосымша бағыттарда High Tech  технологияларын қолдану;
•    Ғылыми-практикалық зерттеулер нәтижесін білім беру саласына қосу; білім беру бағдарламасын шынайы өндіріспен біріктіру;
•    Білім беру саласының сұранысына білім мониторингі механизмін және білім алушылардың жалпы білімін жетілдіру.;
•    Студенттердің дипломдық және магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қабылдау комиссия мүшесі болуға жұмыс берушілерді шақыру. Жұмысберушілердің мәліметтеріне сүйене отырып білім алушылардың кәсіби сауаттылығын арттыру;
•    Руда және мұнайгаз индустрия мамандарына арналып, геология мен геофизиканың модульді бағдарламалар төңірегінде біліктілігін арттыру мақсатында тренинг пен курстардың өткізілуі; онда заманауи бағдарламалардың қамтамасыз етілуі және (курсты аяқтау жөнінде) сертификаттың міндетті түрде берілуі қажет.


Геофизика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы көмірсутек пен пайдалы қазбалардың қатты кенорындарын фундаменталды және қолданбалы зерттеулерде үлкен тәжірибеге ие; сейсмология, өңдеуде, сейсмобарлау мәліметтерін интерпретациялауда және моделдеуде, геофизикалық потенциалды өріс, каротаж (ашық оқпан) геодинамикалық мониторинг пен геологиялық барлаудың практикалық тапсырмаларын шешу үшін геология-геофизикалық анализ кешенін және кенорындар мен ауданның өндірістік мәліметтерін қолданады. 


Геофизика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жобалау мен ресурстарға және көмірсутек қорына баға беру жағынан үлкен тәжірибеге ие; авторлық (жеке) қадағалау, геологиялық барлау жұмыстарының аудит пен мониторингі, жердің геодинамикалық мониторингін жүргізу бойынша кешенді бағдарлама құрастыру және т.б.


Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің қызмет барысында ғылыми инновациялық зерттеулер мен оның нәтижелерін халықаралық және республикалық басылымдарда, конференция, симпозиум, форум және басқа да жиындарда  жариялады. 


Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы геофизиканың өзекті мәселелері бойынша ұйымдастырушылық жиындарға (конференция, форум және т.б.) қатысады. Сонымен қатар студенттердің инженерлік-геофизика ұйымының (SEG) жұмыстарын басқарып, осы ұйым атынан жыл сайын жүргізілетін студенттер арасындағы конференцияны ұйымдастырады.


Геофизика кафедрасы кезінде Қазақ-Канада ғылыми-білім беру орталығы мен CGG (Француздік компания) дайындық орталығы құрылды. Және де Қазақ-Канада ғылыми-білім беру орталығының даму бағдарламасы мен қызмет көрсетуі жөніндегі мәселелер қарастырылған.


Соңғы кезде Геофизика кафедрасының міндеттері немесе қызмет көрсету бағыты бойынша ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады: а) Са́нкт-Петербу́рг политехникалық университетімен Каспий маңы ойпатына геология-геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін бірігуі; б) Американың Геологиялық Институтымен серіктестік жөніндегі ұсыныстарды қарастыруы; в) ҚазҰТЗУ ортақ тематиканы жоспарлау, Phoenix компаниясы, Ғылыми Геологиялық Институт пен Литосфераның геодинамикасы мен жерасты сейсмикалық жарылымдарды зерттеу бойынша Сейсмология Институты.


«Геофизика» кафедрасына магистранттар мен бакалавриаттарға білім беру бағдарламасы тақырыбындағы лекция мен семинарларды жүргізуге арнайы шетелдерден оқытушылар шақырылады. 2011-2016 жж. аралығында МГУ им. Ломаносова, Томскполитехникалық институтынан профессорлар шақырылған болатын. Жыл сайын «Геофизика» кафедрасының студенттері, магистранттары мен мүшелері Қазақстанда және шетелде өткізілетін халықаралық конференция мен семинарларға қатысады.  Сонымен қатар олар жүлделі орындар, дипломдар мен сертификаттарға иелене отырып, импакт-факторлы журналдарға жарияланып, Ресей Федерациясы мен Батыс және Шығыс Европа университеттерінде тәжірибе жинауда. 


Геофизика мамандығының жоғарғы курс студенттерінің (3-4 курстары) оқу құлшынысын жоғарылату және атақты геофизик-ғалым профессор Акишев Т. мен геофизика факультетінің алғашқы деканының Каримов М.Г. аманатын жалғастыру мақсатында, «Данк» пен «Дата Инвест» геофизикалық компаниялары студенттерге арнайы айлық стипендия тағайындады.


Қазіргі таңда Геофизика кафедрасында 6D074700 - «Пайдалы қазба кенорындарын ідеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» мен 6D075600 «Сейсмология» мамандықтары бойынша докторантура, және 6M075600 «Сейсмология» мамандығы бойынша магистратураның ашылуына арнайы техникалық документациялар жүргізілуде. 

Наверх