Ғылыми-зерттеу жұмысы

Негізгі ғылыми -зерттеу жұмысының бағыты мұнай -газ бассейндерінің геодинамикалық моделін жасау, Қазақстанның ірі кен орындары қалыптасуының негізгі заңдылықтарын айқындау мен мұнай газдың түзілуіне болжау жасау және геологиялық іздеу жұмыстарының негізгі бағытын анықтау болып табылады.
     

Бұл бағыттар бойынша Г.Ж. Жолтаев докторлық, Т.А. Енсепбаев РһD докторлық, Х. Әбілқасымов, С.Г. Нұрсултанова, Т.Х.Парагульгов, Д. Әжіғалиев кандидаттық диссертация қорғады.
     

Кафедра әлемнің 15 мемлекетінің ғалымдары әзірлеген халықаралық «Пери-Тетис» жобасына (АҚШ, Франция, Белгия, Италия, Ресей, Румыния және т.б.) қатысты. Бірлескен зерттеу нәтижелері Парижде мақалалар жинағы түрінде (ЮНЕСКО басылымы) ағылшын және француз тілінде жарық көрді.
     

Кафедра ҚР Ғылым министрлігі бағыты және Ғылым қоры гранты бойынша тиісінше түбегейлі бағдарламаны және екі тақырыпты жүргізеді.
     

Кафедра сондай-ақ трансевропалық Темпус-Тасис жобасына және халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысады.
     

Қаратеңіз-Каспий аймағының, Оңтүстік Торғай, Каспий теңізі жағалауындағы мұнай-газдың сақталуын зерттеуге профессор Г.Ж. Жолтаевтың белсене қатысады. Оның Қазақстанның және әлемнің мұнай газ бассейндерінің геологиялық құрылысы, геодинамикасы және мұнай- газдылық болашағы жөнінде көптеген жарияланымдары жарық көрді.
     

Кафедра АҚШ, Франция, Жапония, Германия, ҚХР жоғарғы оқу орындарымен тәжірибе және ақпараттар алмасып келеді.
     

Кафедра меңгерушісі Қазақстанның мұнай энциклопедиясы 1-томы авторларының бірі болып табылады.
     

Кафедра қызметкерлерінің еңбектері тек орыс тілінде емес, ағылшын және француз тілдерінде де жарық көреді.
   

Кафедра студенттері жыл сайынғы конференцияларға қатысады, университеттік республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болды.
     

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісінде дәрістік және зертханалық тәжірибелік сабақтарда қолданылады.
     

Мұнай және газ кафедрасының білім ұйымдары қызметіне қойылатын талаптарына, мемлекеттік және жалпы білім беру стандарттарына сай дәрісханалары бар. Соңғы жылдары кафедраны қазіргі талаптарға сай материалдық жарақтандыруға орай Нельсон Ресорсис, Шлюмберже, Эксон Мобил компанияларынан демеушілік көмек көрсетілді.

Наверх