Кафедра туралы

Тарихы
Мұнай және газ геологиясы кафедрасы 5В070600-геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандықтары бойынша бакалавриат студенттеріне және 6М070600-геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандықтары бойынша магистранттарға білім береді.    Кафедраның негізін алғаш 1961жылы ҚазССР ҒА мүше-корр., геол.-мин. ғыл. докторы, профессор П.Я. Авров қалады.

 

Кафедраны әр жылдары – 1966 - 1992 ж.ж профессорлар И.И. Шмаис, Г.Ж. Жолтаев, доцент Е.В. Белов басқарды, ал 1992 жылдан геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Герой Жолтайұлы Жолтаев басқарады.


Кафедрада 180340 мамандығы бойынша 1960 жылдың қыркүйегінен бастап кадрлар даярлана бастады. 1500-ден астам инженер геолог-мұнайшы мамандығын алып шықты. Олардың ішінде 10 бітіруші докторлық диссертация, ал 20-дан астамы кандидаттық диссертацияс қорғады. Бітіріп шыққан түлектер арасында облыс, аудан әкімдері, мұнай компанияларының президенттері бар. Негізінде мамандық түлектері

 

Қазақстанның геологиялық барлау экспедицияларында, мұнай газ өндіру және әртүрлі сервиздік компанияларда істейді.

 

Кафедра қызметкерлерінің еңбектері тек орыс тілінде емес, ағылшын және француз тілдерінде де жарық көреді.

 

Кафедра студенттері жыл сайынғы конференцияларға қатысады, университеттік республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болды.

 

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісінде дәрістік және зертханалық тәжірибелік сабақтарда қолданылады.
     

Мұнай және газ кафедрасының білім ұйымдары қызметіне қойылатын талаптарына, мемлекеттік және жалпы білім беру стандарттарына сай дәрісханалары бар. Соңғы жылдары кафедраны қазіргі талаптарға сай материалдық жарақтандыруға орай Нельсон Ресорсис, Шлюмберже, Эксон Мобил компанияларынан демеушілік көмек көрсетілді.

 

Миссия

Білім беру бағдарламасы жөнінде пайдалы қазбалар және барлау саласында жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.

 

Мақсаттары
- жұмыс берушілер талаптарын ескере отырып, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жоғары білікті мамандар, дайындау;
- өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамытуға ұмтылған, геология инновациялық бағыттар бойынша жаңа білімді игеру, оған ептілік пен дағдыларға үйренуі;
– лабораториялық, практикалық сабақтар, оқу – әдістемелік құралдарды, нұсқауларды құрастыру; 
– жас мұғалімдердің  мұнай –газ өндіретін мекемелер семинарларында және техникалық ағылшын тілі курстарына қатысу арқылы білектілігін арттыру;


Міндеттері
- «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын мемлекеттік тілді приоритеттік дамытуымен сабақ бере алатын мұғалімдер процентін 80% - ға дейін ұлғайту жолымен іске асыру.
- Кәзіргі заманғы оқыту құралдарын негізделген ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды пайдаланып өндірісті басқару, ұйымдастыруы, ғылым, білім беру салаларында құзыретті түлектердің дайындау.
- мамандандыру аймағына қатысты білім теориясын, моделін, инструменттерін көрсету;
- пәндерге сәйкес келетін тұжырымды түсініктер арқылы қабылдау қабілеттілігі және білім адаптациясы; 
 

 

Наверх