Институт туралы

Тарихы

 

2000 жылы геологиялық барлау және мұнай факультеттері негізінде Геология және мұнай-газ ісі институты ұйымдастырылды. 2003 жылдың сәуірінде геологиялық барлау факультетінің дәстүрлі негізін құрайтын геологиялық кескіндегі кафедраларды біріктіретін Геологиялық барлау институты құрылды. 2006 жылы институтқа көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, геолог Қ. Тұрысовтың есімі берілді.

 

2011 жылы университетті қайта құрылымдау нәтижесінде екі институтты біріктіріп, ғалымның есімі сақталып, Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты құрылды.

 

Институт 7 кафедра негізінде мына мамандықтар бойынша жоғары білікті кадрларды дайындайды:

 

5В070600 - «ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕН ОРЫНДАРЫН БАРЛАУ»  келесі кәсіби қызметтердің бағыттары бойынша:

  • Геологиялық түсірілім, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау;
  • Мұнай және газ геологиясы;
  • Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері;
  • Ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы мен техникасы;
  • Гидрогеология, инженерлік геология

 

5В070800 – «МҰНАЙ ГАЗ ІСІ» келесі кәсіби қызметтердің бағыттары бойынша:

  • Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану;
  • Жер бетінде және теңізде мұнайгаз ұңғыларын бұрғылаудың технологиясы және техникасы;
  • Мұнай және газды сақтау және тасымалдау;

 

Институт қарамағында лабораториялық, материалды-техникалық негізі, бірегей минералогиялық мұражай, микро деңгейде заттық құрамды зерттеу бойынша минералогиялық орталығы бар. Институтта оқу үрдісі студенттерге  қаржыландырылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік беретін ғылыми зерттеу жұмыстарымен сай келеді. Институт халықаралық қызметтерге белсенді қатысады, АҚШ, Европа, Ресей және тағы басқа жоғары оқу орындарымен тығыз байланысты ұстанады, мысалы, студенттер Колорад Тау Мектебінің полигонында тәжірибеден өтуге (Денвер қ, АҚШ), Лоррэны Университетімен бірге екі дипломдық білім алу жүйесі бойынша оқуға мүмкіндіктері бар. (Нанси қ, Франция).

 

Мақсат пен міндеттері

Әлемдік білім беру стандарты деңгейінде гелогия  және мұнайгаз саласында жоғары білікті мамандарды дайындау негізгі мақсат болып табылады. 

 

Міндеттер:

  • пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау технологиясын, ұңғыларды зерттеу және пайдалы қазбаларды іздеудің геофизикалық әдістерін,мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауды, мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану процестерін, жер бетінде және теңізде газмұнайқұбырларын және газмұнай сақтау орындарын жобалау және пайдалануды білетін геолог және мұнай мамандарын дайындау негізгі мақсат болып табылады.
  • болашақ мамандарды заманауи компьютерлік технологияларды және эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолдана отырып кәсіби қызметтер аумағында инженерлік мәселелерді шешу жолдарын табу және талдау жүргізуге мүмкіндік беретін  біліммен, икемділікпен, дағдылармен және құзырлармен қамтамасыз ету.
  • Институттың ғалымдары мен болашақ мамандарының шетелдік жоғары оқу орындарымен және компаниялармен халықаралық қарым-қатынас деңгейін жоғарылату.

 

Миссия және стратегия

Геологиялық және мұнайгаз саласында еңбек ету нарығы үшін бәсекеге қабілетті техникалық мамандар ұрпағын дайындау институттың миссиясы болып табылады.

 

Институт стратегиясы:

  • еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес сапалы білім берумен қамтамасыз ету;
  • магистратура мен PhD докторантурасын дамыту;
  • ғылыми зерттеу және инновациялық қызметтерді дамыту;
  • студенттердің тәрбиелік қызметтерін дамыту үшін шарттарды құру;               -
  • ПМҚ қатарынан жоғары кәсіби кадрларды қалыптастыру;
  • материалды-техникалық базаны дамыту;
Наверх